Кездесуде «Газ сепарациялық кешен құрылысы» жобасы және тараптар арасындағы келісім бойынша техникалық сипаттағы тақырыптар талқыланды. Бұл туралы KLPE өкілдері хабарлады.
Еске салайық, 2020 жылғы 8 тамызда KLPE және «Теңізшевройл» (ТШО) компаниялары газ сепарациялық қондырғысын жобалау кезіндегі өзара қызметтің базалық шарттары бойынша келісімге қол қойған болатын. Ол Теңіз кен орнының аумағында орналасады.