К 30-летию Независимости Казахстана | 27 ақпан 16:16

ҚМГ 2023 жылдың өндірістік нәтижелерін жариялады

Компания өзінің стратегиялық бағытын табысты жалғастырып, алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп отыр.

Олар ҚМГ стейкхолдерлерінің, соның ішінде акционерлер мен инвесторлардың, қызметкерлері мен серіктестерінің, өңірлердегі халықтың және жалпы еліміздің мүддеcіне сай келеді. 

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың басты өндірістік көрсеткіштері:

ҚМГ көмірсутектерінің дәлелденген және ықтимал қоры (2P) 3,7%-ға артып, 733 млн тонна м.э. жетті; Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 6,9%-ға өсіп, 23 532 мың тоннаға жетті; Мұнай тасымалдау көлемі 7,6%-ға артып, 80 359 мың тоннаға жетті.

Отандық және румындық мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 2022 жылғы 19 900 мың тоннамен салыстырғанда 19 593 мың тонна болды.