К 30-летию Независимости Казахстана | 29 мая 12:17

ҚМГ 2025 жылға арналған Тұрақты даму есебін жариялады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) жыл сайын Тұрақты даму есебін жариялайды. Бұл құжат - Компанияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық келісімі қағидаттарын жүзеге асырудағы және жаһандық Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуі туралы барлық мүдделі тараптарға арналған хабарлама.

Есеп аудиторлық компанияның тәуелсіз тексеруінен өтті.  

Құжатта 2023–2025 жылдар аралығындағы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік қызмет нәтижелерінің негізгі көрсеткіштері ұсынылған. Сонымен қатар тұрақты дамудың маңызды бағыттары бойынша атқарылған жұмыс қамтылған: ➤ атмосфералық ауа мен су ресурстарын қорғау; ➤ өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті сақтау; ➤ қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлердің кәсіби дамуын қолдау; ➤ жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимыл мәселелері жан-жақты көрсетілген.

Тұрақты даму туралы есепті мына жерден оқи аласыздар.