Американың ірі операторымен ынтымақтастық орнату – бұл шетел әуе компанияларына көрсетілетін қызметтердің географиясын кеңейтуге және қазақстандық әуежайлардың халықаралық жүк тасымалы нарығындағы позициясын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Жаңа халықаралық әуе тасымалдаушыларын тарту өңірдің транзиттік әлеуетін арттырады. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында экономиканың көлік-логистика саласын дамыту және Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі сенімді авиациялық хаб ретіндегі рөлін нығайту жөніндегі жүйелі шаралар аясында жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы 50-ге жуық шетелдік әуе тасымалдаушысына қызмет көрсетіп келеді.
Анықтама: National Airlines – штаб-пәтері Орландо қаласында орналасқан (Флорида штаты) америкалық әуе компаниясы. Ол жүк және жолаушыларға арналған чартерлік рейстерді орындаумен айналысады. Әуе паркінде Boeing 747 және Boeing 777 үлгісіндегі кең фюзеляжды жүк ұшақтары бар. Компания коммерциялық, ірі көлемді және арнайы жүктерді тасымалдайды.