К 30-летию Независимости Казахстана | 17 сәуір 11:36

ҚМГ-Аэро эвакуациялық тікұшақтарды авиакеросинмен қамтамасыз етуде

Қазақстанның солтүстігінде су тасқыны аймағында тұратын жергілікті халықты эвакуациялау жалғасып жатыр.

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның эвакуациялық тікұшақтарын жанармаймен қамтамасыз ету үшін облысқа арнайы техника жөнелтті.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының шалғайдағы Нұра, Тәуіп ауылдарының халқын эвакуациялауға және жолсыз қалған елді мекендерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге жұмылдырылған тікұшақтар жанармаймен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар облыс әкімдігінің тапсырысы бойынша 3 млн теңгеге 10 тонна жазғы дизель отыны бөлінді.

13-15 сәуірде Атырау облысына 15,4 млн теңгеге 53,8 тонна жазғы дизель отыны жөнелтілді. Карта жүйесі арқылы 3 млн теңгеге АИ-92 маркалы 15 мың литр бензин берілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша жалпы сомасы шамамен 37 млн теңгеге 100 тоннадан астам жазғы дизель отыны мен 10 мың литр АИ-92 бензині жеткізілді.