Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, «CASPI Bitum» БК» ЖШС зауытының өндірістік қуатын кеңейту жобасының іске асу барысы қаралды. Кәсіпорын жылына «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның 1 млн тоннаға дейін тұтқырлығы жоғары мұнайын өңдеп, жоғары сапалы жол битумын және тазартылған мұнай шығарады.
Caspi Bitum қуатын жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасын іске асыру ЭЛОУ-АВТ шикі мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын жаңғыртуды көздейді, бұл жол битумын өндіру көлемін қазіргі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Ақтау битум зауытында уақытша қалашықтың құрылысы аяқталып, жаңа жабдық дайындау үшін тапсырыс берілді. Жоспар бойынша 2025 жылдың екінші тоқсанында жұмыстар аяқталып, кәсіпорын технологиялық режимге шығады. Caspi Bitum қуатын кеңейту жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстанда битум өндірісі жалғасады, себебі бұл салада ҚМГ-ның басқа да кәсіпорындары, атап айтқанда «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бар. Бұл зауытта 2024 жылдың қаңтарынан бастап жол битумын өндіру көлемі 15%-ға ұлғайды. Сонымен қатар елімізде битумды жекеменшік зауыттар да шығарады.
Кездесуде сондай-ақ ҚМГ мен CITIC Resources арасындағы алдағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. «Қаражанбасмұнай» АҚ-дан Caspi Bitum зауытына мұнай жеткізу мәселелеріне ерекше ден қойылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша жұмысты жандандыруға келісті.