Кездесуде ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайы «Транснефть» ЖАҚ және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай құбыры жүйелері арқылы тұрақты тасымалданып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар А.Хасенов Қазақстан мұнайын «Дружба» мұнай құбыры арқылы тасымалдауға қолдау көрсеткені үшін Ресей тарапына алғысын білдірді.
Кездесуде тараптар мұнай тасымалдау мен транзиті, КҚК қызметі саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі мен КҚК теңіз терминалы объектілерін жаңғырту және сенімділігін арттыру жөнінде компания іске асырып жатқан бағдарламаларды, сондай-ақ КҚК тиеу жүйесіне қатысты алдағы жоспарларын талқылады.