Кездесуде Қашаған кен орнын одан әрі игеру мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге Қарашығанақ кен орнын игеру тақырыбы көтерілді. Атап айтқанда, Қарашығанақта жылына 4,5 млрд текше метр газ өңдеуге қауқарлы газ өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру мәселелері қозғалды.
Мұнай экспортының жаңа бағыттарын дамыту және бірлескен геологиялық зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар қос компания тиімді өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейтінін атап өтті.