К 30-летию Независимости Казахстана | 04 маусым 15:20

ҚМГ басшысы Sinopec компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен кездесті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов SIPC (Sinopec International Petroleum Coorpration) вице-президенті Чжао Чуанминмен кездесу өткізді.

ҚМГ басшысы Sinopec компаниясының Қазақстандағы өкілдерімен «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-нің (ҚОА) Ақтөбе облысындағы Әлібекмола және Қожасай мұнай-газ конденсатты кен орындарын одан әрі игеру жолдарын талқылады.

ҚОА компаниясының үлескерлері – ҚМГ 50% және Caspian Investments Resources Ltd (Sinopec) 50%.

2023 жылы ҚОА компаниясының мұнай өндіру деңгейі 505 мың тоннадан асты. Биылғы мұнай өндіру жоспарына сәйкес компания 477 мың тонна өндіру көрсеткішіне жетуі керек, 2024 жылдың 5 айында бұл көлемнің 200 мың тоннаға жуығы өндірілді.

 

Кездесуде өндіру деңгейін қамтамасыз ететін жаңа технологиялар мен қордың өсуі үшін бағалау ұңғымаларын бұрғылау мүмкіндіктері талқыланды.

Айта кететіні, экологиялық бастамалар саласында ҚОА ҚМГ компаниялар тобында және елде алғашқылардың бірі болып 2022 жылы эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізді.