К 30-летию Независимости Казахстана | 28 мамыр 10:36

ҚМГ бірінші тоқсанда өндірген мұнай және газ конденсатының көлемі 6 млн тоннадан асты

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі осы кезеңдегі былтырғы көрсеткіштен 1,7% артып, 6 млн тоннадан асты.

Операциялық активтердегі мұнай мен конденсат өндіру көлемі 2,2%-ға артып, 3,5 млн тоннаға жетті. Бұл өсім көбіне өткен жылдың қарашасында Доңға кен орнының 60% үлесін сатып алу есебінен болды.

Теңізде мұнай өндіру көлемі 2,1% ұлғайып, 1,5 млн тоннаны көрсетті.

Қашағандағы мұнай өндіру көлемі 1,7%-ға төмендеп, ҚМГ үлесіне 780 мың тоннаны құрады. Төмендеу ілеспе газды кері айдау және өңдеу қуатының шектеулі болуына байланысты.

Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру көлемі 3,5% артып, 291 мың тоннаға жетті.