7 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаевтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз жиынында биылғы жылдың алғашқы үш айының қаржы көрсеткіштері баяндалды.
Брифингте Дәурен Қарабаев ұлттық компания осы жылы 200 млрд теңге дивиденд төлейтінін, бұл рекордтық көрсеткіш екенін айтты. Өткен жылы дивиденд мөлшері 56 млрд теңге болды.
Жалпы ҚМГ 2016 жылдан бері өз акционерлеріне 540 млрд теңгеден астам қаражат төлеген.
Толық мәліметтермен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сайтында танысуға болады.