К 30-летию Независимости Казахстана | 23 желтоқсан 13:29

ҚМГ «Болашақ» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жандандырады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қарамаржан Групп» ЖШС «Болашақ» жобасы бойынша ынтымақтастық қағидаттарына қатысты түпкілікті келісімге қол жеткізді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қарамаржан Групп» ЖШС «Болашақ» жобасы бойынша ынтымақтастық қағидаттарына қатысты түпкілікті келісімге қол жеткізді.

Компаниялар жаңа «Болашақ» жер қойнауын пайдалану жобасын бірлесіп іске асыру бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттарын бекітті.

Болашақ учаскесі Маңғыстау облысында орналасқан. ҚазМұнайГаз бен Карамаржан Групп тереңдігі 3500 және 4500 метр болатын екі барлау ұңғымасын бұрғылауды (тәуелді), сондай-ақ 432 км2 алаңда 3D-сейсмикалық барлау жүргізуді жоспарлап отыр.

 

Тиісті келісімдерге қол қою көмірсутектерді іздеу саласында жергілікті компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ҚМГ-ның отандық инвесторлармен ынтымақтастық орнатуға деген ұмтылысын айқындай түседі.«Болашақ» жобасын іске асыру ҚМГ-ның геологиялық барлау қызметінің Қазақстандағы перспективалы мұнай-газ учаскелерін зерттеуге және игеруге бағытталған маңызды қадамы болмақ.

Жоба Маңғыстау облысының көмірсутек қорын ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін болады.