«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханасына Жапонияда жасалған заманауи үлгідегі екі реанимациялық төсек алып берді.
Төсектер терең күйік алған науқастарға қарқынды терапия және ұзақ мерзімді күтім жасауға арналған. Аэродинамикалық және терморегуляциялық жүйемен жабдықталған. Сонымен қатар инфекциялық асқынулар және қосымша жарақат алу қаупін азайтып, медициналық қызметкерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
Реанимациялық төсектер пациенттерді емдеу және оларды оңалту үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етеді әрі қалалық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтады.
ҚМГ медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ете отырып, өңірдің әлеуметтік объектілеріне қолдау көрсетуді жалғастырады.