Жобаның мақсаты – Жаңаөзен қаласының халқы мен кәсіпорындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ «Астрахань-Маңғыстау» магистральды су құбырына технологиялық жүктемені азайту.
Зауыттың жоспарланған жобалық қуаты – тәулігіне 50 мың текше метр. Теңіз суын тұщыту зауытының құрылысы Қазақстанның батыс өңірлерін сумен қамтамасыз ету жөніндегі ортақ жобаның ажырамас бөлігі. Бұл жобаны іске асыру туралы шешім 2025 жылға қарай су тапшылығын жабу үшін магистральды су құбырын реконструкциялау және кеңейту тұжырымдамасы қаралғаннан кейін қабылданды.
Құрылыс белгіленген мерзімде — 2024 жылдың желтоқсан айының соңында аяқталып, кәсіпорын 2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында жобалық қуатына шығарылмақ.