К 30-летию Независимости Казахстана | 29 июля 11:58

KMG International қаржы көрсеткіштерін нығайтып, халықаралық серіктестікті кеңейтуде

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еуропалық активі — KMG International (KMGI) тұрақты қаржы және операциялық нәтижелерді көрсетті.

Есепті кезеңде «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында 2 млн 600 мың тонна шикізат өңделді. Мұнай өнімдерін шығару көлемі 2 млн 529 мың тоннаға жетті, оның ішінде:

➤ дизель отыны — 1 млн 159 мың тонна;

➤ бензин — 700 мың тонна;

➤ Jet A1 авиаотыны — 225 мың тонна.

KMGI-ге қарасты ритейл компаниялардың сату көлемі 7% өсіп, 1 млн 444 мың тоннаға жетті. Бұған негізінен Румыния мен Молдовада көтерме сауданың ұлғаюы себеп болды.

Румыниядағы басқа (отынға жатпайтын) тауарларды сату көлемі де 6%, яғни $26 млн 100 мыңға артты.

Шоғырландырылған EBITDA $203 млн құрап, өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 40% жоғары болды. Таза пайда бір жыл бұрынғы $6 млн шығынмен салыстырғанда $87 млнға жетті.

 

KMGI халықаралық трейдинг бағытын дамыту аясында Молдова Республикасының Мемлекеттік меншік агенттігімен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы келісім жасасты. Жоба компанияға Молдованың авиациялық отын нарығына шығуға, ұшақтарға жанармай жеткізу жұмыстарын ұйымдастыруға және өңірдегі логистикалық тізбектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаның келешегі Кишинев халықаралық әуежайының серпінді дамуымен расталады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 47% өсіп, ол Еуропадағы ең қарқынды дамып келе жатқан әуежайлардың қатарына енді.

Бұл жобаны іске асыру KMGI компаниясының халықаралық серіктестікті дамыту жөніндегі ұзақмерзімді стратегиясына сай келеді.