KMGI 2025 жылы атқарған жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарып, қаржылық және операциялық көрсеткіштері айтарлықтай өскенін көрсетті.
Басты операциялық нәтижелер:
Petromidia мұнай өңдеу зауытында өңделген шикізаттың жалпы көлемі 5,88 млн тоннаны құрады, орташа нақты өңдеу өнімділігі — тәулігіне 14,9 мың тонна.
KMGI еншілес ритейл компанияларының сату көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 14% артты, бұл көрсеткішке Румынияда, сонымен қатар басқа да елдерде — Молдова, Болгария, Грузияда көтерме және трейдинг сатылымының ұлғаюы әсер етті.
Жанармайға қатысы жоқ тауарлардан түскен пайда $56,9 млн жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9% жоғары.
Қаржы нәтижелері:
2025 жылдың шоғырландырылған EBITDA көрсеткіші $424 млн жетті, бұл 2024 жылғы деңгейден 61% артық.
KMGI таза пайдасы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша $128 млн құрады, бұл компания тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.