Осыған байланысты ҚазМұнайГаздың мұнай өндіретін ұйымдарының, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ты қоса алғанда, экспортқа шығатын барлық өнімін үшінші тарап, яғни жеке делдал емес, ҚазМұнайГаз компаниялар тобының жүйелік трейдері сатып алатынын хабарлаймыз.
Өзенмұнайгаздың экспортқа шығатын барлық мұнай көлемі әлемдік мұнай бағасына сай сатып алынады.
Сондай-ақ, ҚазМұнайГаз ішкі нарықтың қажеттілігіне арналған Өзенмұнайгаз өнімін де ешқандай делдалсыз сатып алады.
Оның үстіне, ел халқын қолжетімді бағамен отынмен қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін сату кезінде шекті бағаны мемлекет белгілейді және бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін тиімсіз болып келеді. Шығынды азайту үшін өңдеуге жіберілетін мұнай кен орындарынан экспорт бағасынан төмен бағамен сатып алынып, мұнай өңдеу зауыттарына тікелей жөнелтіледі.
Осылайша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кен орындарынан мұнайды төмендетілген бағамен ішкі нарыққа сатып, оны одан әрі үшінші тұлғалардың экспортқа қайта сатуы бойынша алыпсатарлық операциялар жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды.