2023 жылы ЕТҰ мен мердігер ұйымдардың 1905 қызметкері (ЕТҰ-ның 1451 қызметкері, мердігер ұйымдардың 454 қызметкері) RoSPA халықаралық стандарттарына сәйкес «Қорғана отырып жүргізу» («Defensive Driving») әдістемесі бойынша оқудан өтті.
ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің қауіпсіздік белдіктерін тағуға қатысты хабардар болуын арттыру және ЖКО кезінде жарақаттануды азайту мақсатында ЖКО кезінде фронтальды соқтығысу тренажер-имитаторының практикалық көрсетілімі («Конвинсер») өткізіледі, оған ҚМГ ЕТҰ-ның 7 783 қызметкері қатысты.
«Сапарларды басқару» көлік құралдарына автоматтандырылған мониторинг жүргізу жүйесі жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы ҚБМ, ӨМГ, ММГ, ОТК, ОСК-да көлікті басқару процестеріне диагностика жүргізілді (ҚБМ, ӨМГ, ОТК, ОСК-да жобаны іске асыру бойынша Жол карталары бекітілді).