2023 жылдың соңында қызметкерлердің нақты саны ҚМГ компаниялар тобы бойынша 49 710 адам болды, оның ішінде штаттық қызметкерлер — 46 603 адам, аутстаффинг — 3 107 адам.
Компания қызметінің бағыты ауыр, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты екенін ескере отырып, ерлердің үлесі 81%, әйелдердің үлесі 19%-ды құрайды.
Персоналдың жалпы санындағы өндірістік персоналдың үлесі 92%, әкімшілік-басқару персоналының үлесі 8%-ды құрайды.