ҚМГ бен ЕҚДБ арасындағы әріптестік қатынастар Атырау мұнай өңдеу зауытында іске асырылып жатқан Tazalyq экологиялық жобасын нығайту аясында қарқынды дамуда. Жоба өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға оң ықпал ететін ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын (МТҚ) жаңартуды және 860 гектардай болатын булану аумағын қалпына келтіруді қамтиды.
Сондай-ақ, кездесуде еліміздің Экологиялық күн тәртібіндегі жаңа бағыт болуы мүмкін жоба — Қазақстанда экологиялық таза авиаотын нарығын (SAF) техникалық-экономикалық зерттеу жобасы бойынша ынтымақтастық перспективалары және осы авиаотынды өндіру мүмкіндіктері талқыланды.