К 30-летию Независимости Казахстана | 13 ақпан 14:20

ҚМГ мен «Шелл Қазақстан» геологиялық барлау жобаларын бірге іске асырады

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Шелл Қазақстан» Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту саласында өзара тиімді негізде ынтымақтастық орнатуды көздейді.  

Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті мен Төрағасы Херман Бурмайстер қол қойды.

Құжат бойынша тараптар төмендегі салаларда ынтымақтастық орнатуға ниет білдірді:

геологиялық барлау мен игеру, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауы мен перспективалы учаскелерге кешенді геологиялық зерттеу жүргізу; Қазақстанда жобаларды бірлесіп игерудің синергиясы мен мүмкіндіктері; өндіруші өнеркәсіпте келісімшарттар мен сатып алуларды жасасуға, экологиялық стандарттар мен ұқсас реттеуші аспектілерге қатысты жаңа тенденцияларды талдау.

 

Бұл ынтымақтастық аясында техникалық және экономикалық бағалау жүргізу үшін ҚМГ-нің жұмыс істеп тұрған геологиялық барлау және перспективалы жобалардың деректер базасы пайдалануы мүмкін.

«Компаниялар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою арқылы стратегиялық серіктестік пен өзара іс-қимылды нығайтуға қосымша үлес қосады. Біз Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің түрлі салаларында ортақ жобаларды іске асыру кезінде «Шелл» концернінің мол тәжірибесін пайдаланамыз деп үміттенеміз», - деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.