Атырау қаласында KMG PetroChem компаниясында QadamPro білім беру бағдарламасына конкурстық іріктеуден өткен студенттер үшін оқу ресми түрде басталды. QadamPro — бұл жай ғана өндірістік тәжірибе емес, болашақ мұнай-газ химиясы мамандары үшін алғашқы қадам.
Бағдарламаның маңызды ерекшеліктерінің бірі — дуалды оқу форматы. Ол толыққанды еңбек өтілі ретінде есептеліп, жас мамандарға нақты карьералық артықшылық береді және бүкіл сала үшін маңызды жобаларға қатысу мүмкіндігін ашады. Іріктеуге Атыраудағы жетекші колледждер мен ЖОО-лардан 65 студент қатысты.
Нәтижесінде 22 үздік үміткер бағдарлама қатысушысы атанып, негізгі өндірістік бағыттар бойынша квоталарға ие болды:
химиялық талдау зертханашылары; сорғы және компрессор қондырғыларының машинистері; технологиялық қондырғылар операторлары; электр монтерлері; бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарьлері және тағы басқалар.Бүгінде QadamPro бағдарламасының алғашқы тобы оқуын бастады. Студенттер ротация форматында білім алады: бір кезеңде — компанияда, келесі кезеңде — оқу орнында, осылайша теория мен тәжірибені қатар меңгереді.