К 30-летию Независимости Казахстана | 11 сентября 11:22

ҚМГ Өзенмұнайгаздағы әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жақсартуда

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ — ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны) қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша Жол картасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта №2 Мұнай-газ өндіру басқармасының (№2 МГӨБ) 45-топтық қондырғы операторларына арналған шаруашылық-тұрмыстық кешен салынып жатыр. Ғимарат 15 орынға есептелген. Жоба құны 82 млн теңгеден астам сомаға бағаланып отыр.  

Сондай-ақ №2 МГӨБ-тің Қабат қысымын сақтау цехының аумағында Шоғырланған сораптар стансасының жұмыскерлеріне арналған тағы бір 20 адамдық тұрмыстық-шаруашылық кешен салынып жатыр. Оның құны — 87 млн теңгеден асады. Жаңа ғимараттарда қызметкерлер үшін барлық қажетті заманауи әрі қауіпсіз жағдайлар қарастырылған. Мұнда жұмыс бөлмелері, демалыс және басқа да қызметтік үй-жайлар болады. Екі нысан еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келеді. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.  

Қызметкерлердің қолайлы еңбек жағдайларын жақсарту, сонымен қатар қауіпсіз өндірістік процесті қамтамасыз ету — ҚазМұнайГаздың басым бағыттарының бірі.