К 30-летию Независимости Казахстана | 08 декабря 16:15

KMG PetroChem компаниясы AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025 атты форумда Карбамид жобасын ұсынды

 

Ақтөбеде шет елдердің инвесторларын, Қазақстанның ірі бизнесі мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірген "«AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» атты халықаралық инвестициялық форум өтті.

Іс-шара аясында «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы Диаз Диянов Ақтөбе облысында газды терең өңдеу және агроөнеркәсіптік секторды дамыту тізбегіндегі жаңа буын – карбамид пен метанол өндіретін газ-химия кешенін салу жобасын ұсынды. Жоба Қытайдың CNPC компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда және 880 мың тонна карбамид шығаруды көздейді.

Сонымен қатар, жобаға метанол өндірісі біріктірілген – жылына 80 мың тоннаға дейін метанол. Жоба бойынша FEED бекіту 2026 жылға жоспарланған. Қазақстан айтарлықтай ауыл шаруашылығы ресурстарына ие, алайда азотты тыңайтқыштарды пайдалану деңгейі төмен болып қалып отыр - орта есеппен гектарына 5 кг-ға жуық.

Карбамидтің тиімділігін растау және фермерлер үшін ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу үшін KMG PetroChem Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп ауқымды агрополиялық сынақтарды іске қосты, оның аясында 88 тонна карбамид Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Алматы облыстарындағы ауыл шаруашылығы объектілеріне жеткізілді. Жобаны жүзеге асыру аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына күшті серпін береді: жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылым кеңейеді және ұзақ мерзімді инвестициялар тартылады. Бұл Ақтөбе облысының елдің өнеркәсіптік картасындағы маңызын арттырады.