К 30-летию Независимости Казахстана | 20 мамыр 09:35

ҚМГ PR мамандары білімін нығайтты

15 мамыр - қазақстандық PR мамандары күніне орай «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарындағы баспасөз қызметі мамандарының біліктілігін арттыру тренингі өтті.

Семинарда мұнай өндіру және өңдеу мекемелерінің баспасөз хатшылары компаниядағы дағдарыс жағдайында әрекет ету бойынша білімін нығайтты.

PR мамандарға кәсіби журналист, коммуникация бойынша білікті тренер Ержан Сүлейменов дәріс оқыды. Спикер дағдарыстың туындау себептерін талдап, жағдайдан кәсіби түрде тиімді жол табу құпияларымен бөлісті. Сондай-ақ түрлі кейстерді талқылап, ақпаратты өңдеу, талдау әдістеріне тоқталды.

 

Бұдан соң, ЕТҰ-дағы баспасөз қызметінің жетекшілері мен мамандары ҚМГ тарапынан бекітілген кураторлармен атқарылған жұмыстарға шолу жасап, жоспардағы жобаларды талқылады. Жиналыста еңбек ұжымына уақытылы, ресми, нақты ақпарат ұсыну мен PR мамандардың мәртебесін арттыру жайы айтылды. Тренинг соңында қатысушылардың алған білімін растайтын сертификаттар табыс етілді.