К 30-летию Независимости Казахстана | 10 тамыз 09:15

ҚМГ спартакиадасы: Маңғыстау мұнайшылары кеше қалай өнер көрсетті?

Кеше «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасының екінші тартысты күні өтті. Тартысты дода да «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ спортшылары бақ сынады.

Өкінішке қарай, қыздар тобы үшін ойын күні сәтсіз аяқталды. Жеке спорт түрлерінде біздің ойыншылар үстел теннисі мен тоғыз құмалақ ойынында есе жіберді. Сонымен қатар, біздің волейболшылар бірінші турда АМӨЗ қарсыластарынан асып түсе алмады.

 

Ал ерлер арасындағы сайыс сәтті өтті. Үлкен теннисте Мерей Тумаев «Ембімұнайгаздан» (6:1, 6:0) және "Қазгермұнай" (6:0, 6:2) келген спортшыларды шаң қаптырып, оқ бойы алға шықты.

Ерлер волейболындағы жекпе-жектер өте әсерлі болды. Біздің құрама ойын күнін «Өзенмұнайгаз» қарсы матчпен ашты. Бірінші сетте 25:20 есебімен ұтылды. Алайда екінші партияда біздің жігіттер ойын ауанын өзгертіп, есепті теңестірді – 25:21. Сайыстың нәтижесі үшінші сетте шешілді: Жаңаөзен мұнайшылары бар күш-жігерін салғанымен біздің волейболшыларымыз ойынды жеңіспен аяқтады – 15:9. Осылайша алғашқы жеңіске қол жетті.

 

Сол күні жеребе тастау арқылы біздің волейболшыларымыз екінші ойынын өткізді. Бұл сәтте спартакиада иелері – «Ембімұнайгаздың» волейболшыларымен тартысты ойын өтті. Бірінші сетте ембіліктер жеңіске жетті - 26:24. Екінші партияда жеңіс тізгінін «Маңғыстаумұнайгаздың» командасы қолға алды - 25:16. Бәсекелі ойынның нәтижесі үшінші шешуші сетте анықталды. Біздің жігіттер дуэльді сенімдірек бастап, партияның ортасына қарай 8:5 есебімен алға шықты.

Алайда, осыдан соң спартакиада қожайындары есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. 14:11 есебімен атыраулық спортшылар үш матчболға ие болып, матчтың қалай аяқталары белгілі болғандай еді. Бірақ осы сәтте біздің спортшылар күш жиып, есепті теңестірді - 14:14. Өкінішке қарай, партияның соңында атыраулықтардың жолы болды - 16:14. Жеңіс тұғырына маңғыстаулықтар бір қадам жақын қалған еді.

 

Алайда, біздің волейболшылар үшін жеңісті күндер әлі алда. Ертең біздің жігіттер ПМХЗ командасымен жартылай финалға шығады. 10 тамызда «Өзенмұнайгаз» және «ҚазТрансОйл» командаларымен матч өткізетін біздің волейболшы қыздарымыздың да мол ммкіндіктері бар.

Бұдан басқа, ертең біздің шахматшыларымыз (ерлер мен әйелдер) және жүзушілер (ерлер мен әйелдер) сайысқа түседі, сондай-ақ ертең үлкен теннистен жартылай финал мен финал өтеді: Мерей Тумаев «Өзенмұнайгаз» спортшысымен шешуші жекпе-жекке шығу үшін күреседі.

Дереккөз: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі