К 30-летию Независимости Казахстана | 04 мамыр 12:00

ҚМГ спартакиадасының ішкі іріктеу кезеңі басталды

Қаражанбаста «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасының ішкі іріктеу кезеңі басталды. ІІ вахта мұнайшылары екі күн бойы 7 спорт түрі бойынша сынға түсіп, үздіктерді анықтайды.

Алғашқы кезең арқан тарту, қол күрес және тоғызқұмалақ жарыстарынан басталды. Бағы мен бабын сынауға барлығы 50-ге жуық үміткер өтініш білдірді. Білек күші мен логикалық қабілетіне сенген мұнайшылар тартысты ойын өрнегін көрсете алды.

Арқан тартудан технологиялық көлік департаменті (ТКД) командасы шашасына шаң жұқтырмаса, қол күресінен 80 келіге дейінгі салмақта ТКД инженері Ерлан Қайлюбаев пен 80+ келі салмақта бу өндіру цехының машинисі Бақтияр Тулеубаев І орынды жеңіп алды.

 

Ал тоғызқұмалақ сайысында №3 мұнай өндіру цехының операторы Бернұр Ғабдірасылұлы қарсыластарынан айқын басымдықпен алға шықты.

ҚМГ спартакиадасы – мұнайшылардың спорттық қабілетін паш ететін тартысты жарыс. Жүзден жүйрік шыққандар енді өңірдегі өзге мұнай компанияларымен сайысқа түседі. Айта кетейік, аталмыш жарыстар І вахта мұнайшылары арасында да жалғасын табады.