«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамұрайт Шаменов қол қойды.
Тараптар меморандумның сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейтуге, сондай-ақ өзара іс-қимыл мен жемісті ынтымақтастық үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.