К 30-летию Независимости Казахстана | 27 наурыз 09:22

Көктемгі мереке күндері 860 мыңнан астам жолаушы ҚТЖ пойыздарын пайдаланды

Көктемгі мереке күндері 7-9 және 17-26 наурыз аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 860 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.  

Сондай-ақ, мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Шымкент-Ақтөбе және Павлодар-Астана қатынасындағы пойыздар сұранысқа ие болды. Жолаушылар 7, 9, 21 және 23 наурыз күндері аралығында жиі пойызға отырған.  

Мереке күндері тасымалдауға деген сұраныстың жоғарлауына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша 3 пойыз және вагондар тіркеу есебінен жолаушыларға 30 мыңнан астам орын ұсынды. Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттарға электрпойыздарының 4 рейсі қосылып, пойыздардың құрамы ұлғайтылды.

Айта кетейік, жыл сайын ұлттық тасымалдаушының пойыздарында 13 миллионнан астам жолаушы жүреді.