К 30-летию Независимости Казахстана | 06 наурыз 16:03

Көктемгі мерекелер кезінде қала маңындағы бағыттарға қосымша электр пойыздары қатынайды

Көктемгі мерекелер кезінде жолаушылар санының артуына байланысты қала маңындағы бағыттарға қосымша электр пойыздары қатынайды. Олар келесі кесте бойынша жүреді:

№7509 «Павлодар-Астана» электр пойызы бір бағытта 10 және 24 наурыз; №7510 «Астана-Павлодар» электр пойызы бір бағытта 7, 20 және 21 наурыз; №6805/6806 «Астана-Көкшетау» электр пойызы 7, 20 және 25 наурыз; №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты»электр пойызы 10 және 21 наурыз.

 

Сондай-ақ, келесі электр пойыздардың сыйымдылығы 4-тен 6 вагонға дейін көрсетілген күндері ұлғайтылады:

№6803/6804 «Астана-Атбасар» электр пойызы 7 наурыз; №7507/7508 «Астана-Көкшетау» электр пойызы 9 наурыз; №606/605 «Қарағанды-Балқаш» жолаушылар пойызының құрамы 5-12 наурыз аралығында ұлғайтылады.

Қосымша пойыздар мен вагондарға билеттер 5 наурыз күні сатылымға шығады. Билеттерді bilet.railways.kz сайтында және вокзал билет кассаларында сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі