Ашылу салтанаты сала ардагерлері мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы өкілдерінің қатысуымен өтті. Әрбір мүсін кез-келген кәсіптегі ең бастысы - еңбек адамы екенін паш етеді. Белгіленген композицияда жолсеріктің, машинистің және жолшының шағын архитектуралық формалары ұсынылған.
Сәулет пішіндерінің авторы - белгілі мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Мансұров.
Көріністер теміржол магистралінің қуатты күшінің белгісі - ел экономикасының берік тірегі ретінде қоладан жасалғаны маңызды.
«Теміржолшылар алаңы» 2023 жылдың тамыз айында елорда тұрғындары мен қонақтарына Көлік қызметкерлері күніне орай «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы сыйға тартты. 1 га алаңда 300 жуық жапырақты ағаштар (үйеңкі, жөке, мойыл және басқалары), 3000 астам бұталар мен гүлдер отырғызылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі