К 30-летию Независимости Казахстана | 15 желтоқсан 10:41

Қолайсыз ауа райында жолаушылар пойыздары 300-ден астам адамды алып кетті

Биылғы 13-14 желтоқсан аралығында қардың, аяздың және автомобиль жолдарының жабылуының қиын жағдайларында «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқа да тасымалдаушылармен бірлесіп адамдарды әкетуді ұйымдастырды.

Жолаушылар пойыздары Боранды станциясынан Шымкент және Түлкібас станцияларына ауа райы қолайсыз аймақтан 300 астам адамды тасымалдады. Мәселен, Шымкентке 240 жолаушы №33 «Алматы — Ақтөбе» және №77 «Алматы-Маңғыстау» пойыздарымен жеткізілді.  Тағы 108 жолаушы №55 «Көкшетау — Қызылорда» пойызымен тасымалданды.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайды. Теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі