К 30-летию Независимости Казахстана | 13 қыркүйек 11:48

Көлемі үлкен жүктер Қазақстан арқылы тасымалданды

ҚТЖ еншілес кәсіпорны – «Кедентранссервис» АҚ Баотоу қ. (ҚХР) -Чукурсай станциясы (Өзбекстан) бағыты бойынша Norinco International Cooperation Ltd компаниясы шығарған 25 метрлік рельстерді транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруда.

Алтынкөл станциясы терминалында 2145 тонна көлемінде рельстікжүк тиелді. Жыл соңына дейін шамамен 11 мың тонна жөнелту көзделген.

Ұзын көлемді жүкті тасымалдауды және қайта тиеуді ұйымдастырудың техникалық процесі тиеу/бекіту схемасымен бекітілген техникалық нормаларға сәйкес, сондай-ақ механикалық зақымдануды болдырмау мақсатында арнайы жабдықты (траверсті) қолдана отырып қатаң түрде жүзеге асырылады.