К 30-летию Независимости Казахстана | 10 қазан 11:26

Көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыру

«Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстанның транзиттік әлеуетіне арналған ақпараттық графикалар сериясын жалғастырады.

Елімізде инфрақұрылымды және терминалдар қуатын жетілдіру, порттарды кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту, учаскелерді жаңғырту және т.б. бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Оның ішінде Қордың портфельдік компаниясы ҚТЖ келесі ірі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруда:

«Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің (836 км) екінші жолдарының құрылысы – нәтижесінде учаскенің өткізу қабілеті тәулігіне 12-ден 60 жұп жүк пойызына дейін артады;

Алматыны айналып өтетін теміржол (73 км негізгі жолдар) – жүкті жеткізу уақытын 36-48 сағатқа қысқартады;

Өзбекстанға жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік беретін «Дарбаза – Мақтаарал» жаңа теміржол тармағы (153 км).

«Самұрық-Қазына» АҚ Telegram арнасынан