Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалының жәй-күйімен танысты.
Нысан 2023 жылы күрделі жөндеуден өткен. Жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер компания шатырды орнату, ішкі бөлмелерді безендіру, ғимараттың қасбетін жаңарту, есік-терезелерді, және т.б қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Мұнда арнайы пандустар мен сыртқы жарықтандыру да қарастырылған.
Қазір жүретін 11 маршруттың екеуі тальго, алтауы стандартты вагон, қалған үш маршрутты жеке тасымалдаушылар қамтамасыз етеді. ("Марал-Нұр" ЖШС, "Номадас" ЖШС, "Арлан Транс" ЖШС). Жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 3 мың адамды құрайды.