К 30-летию Независимости Казахстана | 13 қараша 15:07

Көлік министрлігі теміржол саласындағы цифрлық жобаларын ұсынды

Автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі, сондай-ақ автожол саладағы цифрлық жобалар Digital Transport Day іс шарада көрсетілді.

Іс-шараны Көлік министрлігі мемлекеттік органдардың DemoDay өткізу шеңберінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен ұйымдастырды.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның цифрландыру басшысы қолданыстағы және жоспарланып отырған цифрлық жобалар туралы айтып берді:

жүк және жолаушылар тасымалындағы ақпараттық жүйелер; сингапурлық PSA компаниясымен кедендік транзит процестерін цифрландыру бойынша өзара іс қимыл; ҚТЖ-ның стратегиялық серіктесі - Huawei компаниясынан алынған жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарлары; ektz.kz сайтында бизнеске 8 коммерциялық және логистикалық қызмет көрсетудің Бірыңғай цифрлық терезесі.

Еліміздің теңіз порттарында жобаларды енгізу бойынша жұмыстар, сондай-ақ Каспий секторы мен мультимодальды көлік дәліздерін цифрлық дамыту жоспарлары да айтылды.

Жүктерді әуе тасымалы саласында әуежайлар мен авиакомпаниялардың цифрлық жобалары көрсетілді, әуе құралдарының ұшуын жоспарлау кезінде қолданылатын технологиялар, сондай-ақ E-freight жүйесінде жүк тасымалын электрондық ресімдеу және сүйемелдеу атап өтілді.

Көлік вице-министрі Қалиақпаров Мақсат Қайыржанұлы іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіріп, көлік саласын цифрландыру қоғам мен экономиканың игілігі үшін қызмет ететін қажеттілік екенін атап өтті.