Қазақстан-Британ іскерлік кеңесі отырысының аясында Меморандумға қол қойылды.
Кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды, оған британдық және қазақстандық іскер топтардың өкілдері мен халықаралық инвесторлар жиналды.
Дөңгелек үстел басында қор төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және Ұлыбританияның Қазақстан бойынша сауда уәкілі Баронесса Эмма Николсон бастаған тараптар тұрақты даму және 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мәселелерін талқылады.