К 30-летию Независимости Казахстана | 10 ақпан 10:15

Көмір құны өткен жылғы деңгейге дейін төмендейді

«Богатырь Көмір» компаниясы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергия көздерінің кейбір түрлеріне және коммуналдық тарифтерге баға мораториін енгізу туралы тапсырмасы аясында көмірдің құнын өткен жылғы деңгейге дейін төмендетеді.

Компаниядағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын ескере отырып, ілеспе экономикалық шығындарға қарамастан, компания тапсырма аясында Үкіметпен және салалық Министрлікпен тиісті жұмыс жүргізді.

Тапсырманы орындау кезінде маңызды фактор энергия өндіруші станциялармен ұзақ мерзімді шарттар жасасу болып табылады.

Бұл ретте компания 2021 жылдың 22 желтоқсанында қызметкерлер алдында айтылған барлық бұрын алынған әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындайды, оның ішінде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысын 15%-ға индекстеу және 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап қызметкерлердің жалақысы төмен санаттарына еңбекақы төлеуді 10%-ға арттыру бойынша міндеттемелер бар.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Богатырь Көмір (@bogatyr.kz)