Қысқы суық қарсаңында Екібастұздағы 600 отбасы үшін бұл – баға жетпес және уақытылы жасалған көмек. Серіктестік үшін аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмірді тегін беру-бұл кәсіпорынның көптеген жылдар бойы жүргізіп келе жатқан игі дәстүрі.
Компания, сондай-ақ, екібастұздық Ақкөл ауылының «Исабек ишан» мешіті имамының рухани мекемеге көмірді тегін бөлу туралы өтінішін назардан тыс қалдырмай, қанағаттандырды. Кәсіпорын мешітке 20 тонна көмір бөлді. Көмір өндіретін кәсіпорын үшін рухани мекемелерге көмек көрсету ежелден келе жатқан дәстүр, оны кеншілер жылдар бойы үздіксіз орындап келеді.