К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қыркүйек 15:35

Комплаенс мамандар тәуекелдерді басқарудың озық тәжірибелері бойынша білім алуда

Жаңа бағдарламаны Samruk Business Academy іске қосты.

«Комплаенс Эксперт» – комплаенс тәуекелдерін басқару саласында негізгі дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға бағытталған мамандандырылған бағдарлама. Бағдарлама тәуекелдерді басқару іс-әрекеттеріне қатысатын мамандардың кең ауқымына арналған.

Оған комплаенс мамандары мен басшылары, ішкі бақылау және аудит бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ заңгерлер мен тәуекел-менеджерлері кіреді.

Бағдарламаны 2024 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында өткізу жоспарланып отыр.