К 30-летию Независимости Казахстана | 08 ақпан 08:03

Контейнер тасымалында өткен жылы рекордтық көрсеткіш тіркелді

2021 жылдың қорытындысы бойынша транзиттік қатынаста темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 20,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 2% жоғары.

Транзиттік контейнерлік жүктерді тасымалдау көлемінің оң серпіні байқалды. Өткен жылы коронавирус пандемиясының әсеріне қарамастан, барлық бағыттар бойынша контейнерлерді тасымалдаудың рекордтық жылдық көрсеткішіне қол жеткізілді. Нәтиже – 1 млн 66 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент). Бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 22%-ға жоғары.

Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты қарқынды дамуда. 2021 жылы осы бағыт бойынша тасымалдар көлемі 2020 жылғы деңгейге қарағанда 28% артты және 660 мыңнан астам ЖФЭ құрады. Қытай – Ресей – Қытай бағдарында тасымалдау көлемі 88% – 69 мың ЖФЭ-ге дейін өсті.