Алдағы бес жылда кемінде 14 ГВт жаңа қуатты іске қосу міндеті тұр. Болжамдар бойынша, 9 ГВт-тан астам генерацияны «Самұрық-Қазына» Қоры қамтамасыз етеді, негізгі жүк «Самұрық-Энергоға» түседі.
Компания Алматы ЖЭО-ларын газға көшіру, «Богатырь» разрезіндегі циклдік-ағынды технологияға көшу, ГРЭС-1-де №1 энергоблокты қалпына келтіру сынды бірқатар басым жобаларды жүзеге асыруда. Сондай-ақ, шетелдік серіктестер – Total Eren, Acwa Power, CPIH және Masdar компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылатын жаңартылатын энергия жобалары «Самұрық-Энергоға» берілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2023 жылғы 11 айдағы қызметінің қорытындысы тыңдалды. Табысты арттыру және инвестициялық жобаларды өз уақытында аяқтау жөнінде тапсырмалар жүктелді.
Жиын барысында Нұрлан Жақыпов қызметкерлерді Энергетиктер күнімен құттықтап, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыс етті.