Болашақ инвесторлар мен журналистер толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Спикерлер аудиторияға ҚМГ бағалы қағаздарына инвестиция салудың артықшылықтарын және компанияның акция құнына әсер етуі мүмкін даму жоспарларын таныстырды. Брокерлердің өкілдері ҚМГ акцияларын сатып алуға өтінім беру жүйесі туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы IPO шеңберінде AIX және KASE биржаларында біреуі 8406 теңгеге бағаланатын ҚМГ акцияларының 5%-дан аспайтын бөлігі сатылатын болады.
Институционалдық инвесторлардан өтінімдерді қабылдау 30 қараша сағат 18:00-ге дейін, бөлшек инвесторлардан 2 желтоқсан сағат 15:00-ге дейін жалғасады.