«Самұрық-Қазына» және Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) басшылары ядролық энергетика саласындағы серіктестікті талқылады.
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайда CNNC директорлар кеңесінің төрағасы Юй Цзяньфэнмен келіссөздер жүргізді.
Сhina National Nuclear Corporation немесе СNNC – атом энергетикасы саласындағы толық ядролық отын цикліне қатысатын ірі энергетикалық холдинг. Қор құрамындағы «Қазатомөнеркәсіп» және CNNC табиғи уранды жеткізу саласында ұзақ уақыт бойы бірге жұмыс істеп келеді.
Еске салайық, бұған дейін Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов CGNPC директорлар кеңесінің төрағасы Ян Чанлимен кездесті.
Тараптар атом энергетикасы саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады. Қордың портфельдік компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» пен CGN 20 жыл бойы бірлесе жұмыс істеп, Қазақстандағы «Семізбай» және «Орталық» кен орындарын дамытуда.