Мамандар дрон арқылы теміржол көпірлерінің биіктегі жақтауларына мониторинг жасап, ақаудың бар, жоғын тексеріп отырады.
Дронға екі бейнекамера орнатылған, соның көмегімен тіректегі жарықшақ, қабыршақтану мен бетонның үгітілуі, арматураның тот басуы сияқты ақауларды анықтайды. KRRI мәліметінше, аталған жүйемен ақауларды анықтау дәлдігі 85 пайыздан асқан.
Технологияның көмегімен ақау анықталысымен, сол жердің арнайы картасы жасалып, жөндеу жұмыстары үшін мамандарға жіберіледі.