К 30-летию Независимости Казахстана | 25 қаңтар 09:09

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды SKnews ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен қаласы «қызыл» аймақта тұр.

Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облысы бар. Бүгінгі матрица Қазақстанның «қызыл» аймаққа кіргенін көрсетіп тұр.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.