К 30-летию Независимости Казахстана | 09 желтоқсан 15:30

Қоршаған ортаны қорғау менресусрстарды ұқыпты пайдалану – басты міндет

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да қоршаған ортаны қорғау, табиғи және басқа да ресурстарды тиімді пайдалану – басты назарда. Жұмысшыларды материалдық ынталандыру бағдарламасы аясындасу ресурстарын тиімді пайдалану және «Жасыл кеңсе» бағдарламасын іске асыруға үлес қосып жүрген жұмысшылар марапатталды.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау департаменті директоры Наурызбек Дүйсекенов кеңседе пластик ыдыстағы ауыз судың орнына өз ыдысымен ауыз суды үйден әкеліп, жұмыста пайдаланғаны және қағаз, пластик қалдықтарын, сондай-ақ пайдаланылған батареяларды кәдеге жарату немесе қайта өңдеу мақссатында сұрыптау үшін бөлек жинақтауға септігін тигізіп жүрген жұмысшыларға алғыс білдірді.

Сондай-ақ әріптестерге үлгі болып, оң нәтиже көрсеткен қызметкерлерге сыйлық сертификаттарын табыс етті.

 

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи және басқа да ресурстарды тиімді пайдалану – ресурстарды үнемдеу, қалдықтардың пайда болуын болдырмау, сұрыптау, кәдеге жарату сияқты қарапайым ережені берік ұстанудан басталады.

Компания басшылығы қызметкерлерді күнделікті жұмыста қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын қатаң сақтауға шақырды.