«Ағаш отырғызу – бұл толық жұмыстың бір бөлігі ғана. Олар тамыр жайып, бүршік жарғанша ерекше күтім жасау керек. Бүгін біз ауланы толықтай арамшөптен тазарттық, талдарды суардық, бақшаны жандандырдық. Қоршаған ортаны қорғауға, әсіресе балалар үйінің ауласын жайқалтуға үлес қосу біз үшін үлкен қуаныш», – деді САжМТЖ департаменті директорының орынбасары Ерлан Сұлтан.
Демалыс күніне қарамастан, ұжым сенбілікке құлшыныспен қатысты. Өйткені, бұл балаларға игі іс жасауды үйретуге таптырмас мүмкіндік. Айта кетейік, қаражанбастықтар апта сайын бекітілген барлық әлеуметтік нысандарда көшеттерді суарып, күтім жасайды.