Кездесуде осы жылдың 7 айындағы темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қорытындылары тыңдалды. Облыс желісі бойынша жалпы тиеу 15,4 млн тоннадан асты. Ел ішінде тасымалдау 9%, яғни 8 млн тоннаға дейін өсті. Экспортқа 7,3 млн тонна жөнелтілді. Қостанай облысынан жүк Қытайға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға және Орталық Азия елдеріне жөнелтіледі. Жітіқара станциясынан асбест теміржол арқылы Үндістанға, көмір Ресей арқылы Еуропаға жіберіледі.
Қостанай облысы астық жүктерін тиеу бойынша елдің негізгі өңірлерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде 1,6 млн тоннадан астам астық тиелген. Экспортқа 1,2 млн тоннадан астам жүк жөнелтілді.
Астықты жедел жеткізу үшін арнайы маршруттық пойыздар құрылады. Ағымдағы жылдың жеті айында контейнерлік пойыздардың 250 ұйымдастырылған маршруттары құрылды, бұл жүктерді жеткізу уақытын қысқартуға және вагондардың айналымын арттыруға мүмкіндік береді.
Соңғы үш жылда ҚТЖ желісінде экспорттық және ішкі тасымалдарды дамыту үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде теміржолдың, логистикалық және терминалдық инфрақұрылымы жекелеген учаскелерінің өткізу қабілеттілігін арттыру.
Кеңеске қатысушылар жүк тасымалдарын ұйымдастыру сапасын арттыру мәселелерін талқылады және де тасымалдауды ұйымдастыруды жақсартуға ықпал ететін бірлескен іс-шаралар әзірленді.