Қазақстан бойынша 47,9 мың тонна тасымалданды. Экспортқа 217,3 мың тонна немесе 3,2 мыңға жуық вагон жөнелтілді.
Орталық Азия елдеріне 124 мың тонна, ҚХР-ға 9,7 мың тонна Қостанай астығы жөнелтілді.
19 астық маршруты құрылды, оның ішінде 10 маршрут - Орталық Азия елдеріне, ҚХР-ға – 2 маршрут. Сондай-ақ контейнерлерде 17 ұйымдастырылған астық маршруты жөнелтілді. 604 фитингтік платформаға 1059 контейнер тиелді.
Биылғы астықты жөнелту кезеңінде үздіксіз жұмыс істеу үшін Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі басшысының төрағалығымен өңірлік астық штабы, жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды.
Қосымша енгізілді маневрлік локомотивтер мен құраушы бригадалардың, тауарлық кассирлердің және жүкті пен багажды қабылдап-тапсырушылардың штаты көбейтілді.